Accessibility links

Дариға Назарбаева сенат спикері болды


Дариға Назарбаева.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева сенат спикері болды.

20 наурызда өткен отырыста Назарбаеваның кандидатурасын сенаттағы 44 депутаттың барлығы қолдаған.

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеген еді. Бұрынғы сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша президент болып тағайындалған.

Назарбаева бұған дейін мәжіліс төрайымы, премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылы қыркүйекте сенат депутаты болып сайланған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG