Accessibility links

Ресей президенті Путин Тоқаевты құттықтады


Владимир Путин.
Владимир Путин.

20 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті қызметіне кірісуімен құттықтады. Бұл туралы Кремль сайты хабарлады.

Путин "Тоқаев Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасының нығаюына үлес қосады" деп сенеді.

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеген еді. Назарбаев келесі сайлау өткенше Тоқаев Қазақстан президенті болатынын айтқан. 20 наурызда Тоқаев ант беріп, президент қызметіне кірісті және Астана атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуді ұсынды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG