Accessibility links

Қазақстан бақытты елдер рейтингінде 60-орында тұр


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

БҰҰ 20 наурыз - халықаралық бақыт күніне орай "Бақытты елдер рейтингін" (World Happiness Report) жариялады.

Бақыт деңгейін анықтау үшін сарапшылар әр адамға шаққандағы жалпы ішкі өнім, өмір сүру ұзақтығы, жомарттық, әлеуметтік жәрдем, бостандық және жемқорлық сынды факторларды есепке алған. Рейтинг 2015-2017 жылдардағы статистикалар бойынша түзілген.

Тізімде Қазақстан 60 орында тұр. Қазақстанның алдында, 59-орында, Ресей орналасқан.

Бұл рейтингте Өзбекстан 44-орында, Қырғызстан 92-орында, Тәжікстан 80-орында, Түркіменстан 68-ооында тұр.

Ең бақытты ел - Финляндия. Екінші-үшінші орынды Норвегия мен Дания бөліскен. Соңғы орында - Солтүстік Судан (154), Орталық Африка республикасы (155) және Бурунди (156) тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG