Accessibility links

Бірнеше елдің президенті Тоқаевқа жедел хат жолдады


Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бірнеше елдің басшылары Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қызметке кірісуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Тоқаевты құттықтағандар арасында Ресей президенті Владимир Путин, Қытай президенті Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Сингапур президенті Халима Якоб, Молдова президенті Игорь Додон, Чехия президенті Милош Земан, Сербия президенті Александр Вучич бар.

Қытай президенті Си Цзиньпин құттықтау хатында Тоқаев "Назарбаев орнатып кеткен екі ел арасындағы достықты жалғастырады" деп үміттенетінін жазған.

Путин "Астана мен Мәскеу арасында барлық саладағы ынтымақтастық одан әрі дами түседі" деп сенеді.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.

Билік басына совет заманында көтерілген Назарбаев әуелі экономиканы дамыту саясатын ұстанатынын жиі мәлімдеген, бірақ халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдары оны қоғамды демократияландыруды тежеді, отбасы мүшелерін мемлекет қызметі мен ірі бизнес саласына орнықтырды деп сынап келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG