Ирактың солтүстігіндегі Тигр өзенінде туристер отырған паром суға кетіп, кемінде 83 адам қаза тапты. 21 наурызда Наурыз мерекесін тойлауға бара жатқан паромда жүзден аса адам болған.
Азаматтық қорғаныс бөлімінің жетекшісі Хусам Халилдің сөзінше, паромда шамадан тыс көп адам болған, көбі жүзе алмаған. Қаза болғандардың көпшілігі - әйел мен бала. Суға батып кеткендерді іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Әзірге 55 адам құтқарылғаны хабарланды.
ПІКІРЛЕР