Accessibility links

Астанада журналист Светлана Глушкованы полиция алып кетті


"Настоящее время" тілшісі Светлана Глушкова. Астана, 22 наурыз 2019 жыл.
"Настоящее время" тілшісі Светлана Глушкова. Астана, 22 наурыз 2019 жыл.

Астанада "Настоящее время" телеарнасының тілшісі Светлана Глушкованы полиция алып кетті. Журналист Сарыарқа аудандық полиция бөлімшесінде адвокатын күтіп отыр.

Полиция Азаттық тілшісі Өркен Жоямергенге "Глушкованың үстінен белгісіз бір әйел шағым түсіргенін" айтты.

22 наурызда Астана мен Алматыда ондаған адамды полиция ұстады. Полиция адамдарды не үшін ұстап жатқандарын түсіндірмеді. Астанада белгісіз адамдар Азаттық пен "Настоящее время" тілшілерінің жұмыс істеуіне кедергі келтірді. Тілшілер сол маңдағы полицияға шағымданғанымен, олар шара қолданбады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG