Accessibility links

Қытайдағы жарылыстан қаза болғандар саны алпыстан асты


Жарылыс болған аймақ. 21 наурыз 2019 жыл. Цзянсу
Жарылыс болған аймақ. 21 наурыз 2019 жыл. Цзянсу

Қытайдың Цзянсу провинциясындағы химиялық зауытта болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 64 адамға жетті. 28 адам іс-түссіз жоғалған. Бұл туралы Қытай басылымдарына сілтеме жасаған Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Провинция билігінің мәлімдеуінше, жүзге жуық адамның жағдайы ауыр. Апаттан 600 шақты адам зардап шеккен. 2800 үй зақымданған.

21 наурызда Қытайдағы "Цзянсу Тяньцзяи" химиялық зауытында жарылыс болған. Апаттың қатты болғаны соншалық бұл аймақта 2,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.

Қытай президенті Си Цзиньпин апатты "нағыз қасірет" деп атап, жарылыстың себебін анықтауды тапсырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG