Accessibility links

Трамп Голан жоталарын Израиль аумағы деп ресми түрде мойындады


Cолдан оңға қарай: Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, АҚШ президенті Дональд Трамп және АҚШ вице-президенті Майкл Пенс. Вашингтон, 25 наурыз 2019 жыл.
Cолдан оңға қарай: Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, АҚШ президенті Дональд Трамп және АҚШ вице-президенті Майкл Пенс. Вашингтон, 25 наурыз 2019 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Голан жоталары Израильге тиесілі деп мәлімдеді. 1967 жылы болған алты күндік соғыста әуелде Сирияға тиесілі болған жоталарды Израиль басып алған.

Голан жоталарын Израиль аумағына тиесілі деп мойындау туралы құжатқа 25 наурызда Ақ үйде қол қойып жатып Трамп "АҚШ мұндай шешімді ондаған жыл бұрын қабылдауы керек еді" деді.

Құжатқа қол қойған сәтте Трамптың жанында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болды. Израиль лидері мұны "батыл құжат" деп атап, датаны "Голан жоталары үшін соғыста басым түскен Израиль жеңісі дипломатиялық жеңіске айналған тарихи күн" деп атады.

"Біз жоталарды ұстап тұрмыз, ешқашан бермейміз де", - деді Нетаньяху. Оның сөзінше, Трамп қол қойған құжат арқасында "Израиль мен АҚШ альянсы бұрын-соңды болмаған деңгейде нығая түскен".

Сирия сыртқы істер министрі Трамптың шешімін "Сирия егемендігі мен аумақтық тұтастығына сорақы шабуыл" деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG