Accessibility links

Астанада үш автобус соқтығысып, екі адам мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда үш автобус соқтығысып, екі адам қаза тапты. Бірнеше адам жараланған. Бұл туралы inform.kz ақпарат агенттігіне "Астана LRT" компаниясы хабарлаған.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі апат 9.14-те болғанын, 25 адамның жапа шеккенін мәлімдеді.

"Ұлы Дала мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында үш автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып қалды. Қала іргесінен қатынайтын №303 маршрут №12 автобусқа соқтығысқан. №12 автобус №53 маршрутты жанап, ол жедел жәрдем көлігін соққан", - дейді "Астана LRT" компанияcының баспасөз қызметі.

Видео: Автобустардың соқтығысқан сәті

Астана полициясы қаза тапқандар туралы ақпаратты растады.

"Жағдай анықталып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, №303 маршруттың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан" деп мәлімдеді полиция департаменті.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG