Accessibility links

Назарбаев Алматыға келді


Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 26 наурыз түсте Алматыға ұшып келді деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Алматы әуежайында оны студенттер тобы қарсы алған. Ресми орындар Назарбаев сапарының мақсаты туралы әзірге хабарламады.

20 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілетін тоқтатты. Ол қазір "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және өткен жылы консультативті-кеңесші органнан конституциялық органға айналып, өкілеті жоғарылаған Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

23 наурызда Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атын "Нұр-Сұлтан" деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG