Accessibility links

Даудан кейін Шымкентте аналарға қызмет көрсету орталығы ашылды


Қала әкімімен кездесуге келген аналар. Шымкент, 16 ақпан, 2019 жыл

26 наурызда Шымкент қаласындағы аудандарда аналарға қызмет көрсету орталығы ашылды.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әр аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығының жанынан ашылған бұл нысан тек көп балалы аналарға арналған. Онда психологиялық, құқықтық, тұрғын үй және әлеуметтік төлемдер бойынша қызмет көрсетіледі. Шымкент қаласында төрт аудан бар.

Көп балалы аналарға әкімшілік қызмет көрсету орталығы ашылатыны туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ақпанның 15-і күні халық алдында берген жылдық есебінде айтқан. Кездесу кезінде әкім 16 ақпанда көп балалы аналармен жеке кездесетінін айтқан. Десе де 300-ден аса ана жиналған кездесуге әкімнің өзі келмей қалған.

ВИДЕО: Әкіммен кездесуді талап еткен топ. Шымкент. 26 наурыз, 2019 жыл

Көп балалы аналармен кездесуге әкім келмеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:57 0:00

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, қалада 2 мың 220 - "алтын алқа", 6 мың 56 - "күміс алқа", 511 - "батыр ана" және 769 "түрлі дәрежелі орденмен марапатталған көп балалы ана" бар.

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған еді.​ Осы оқиғадан кейін көп балалы аналар наразылығы күшейген.

Ақпанның 6-сы күні Астанада жүздеген ана Астанада жиналып, биліктен жәрдемақы мен жөргекпұлды өсіруді, көп балалы отбасылардың балаларына тегін білім беруді, ана мен баланы тегін емдеуді, баспана алуды жеңілдетуді талап еткен. Кейін астаналық аналардың талабын басқа аймақтағы әйелдер де қолдаған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 24.05.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:31 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG