Accessibility links

Шекарада Қазақстан жағына өте алмай тұрған жүк көліктерінің саны 200-ден асты


Көрнекі сурет.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы "Ақтілек-Автожол" бақылау өткізу пунктінде кезекте тұрған жүк көлігінің саны 200-ге жеткен. Бұл ақпаратты Қырғызстанның шекара қызметіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Мұндай жағдай Қазақстан жағына өтейін деп тұрған көліктердің мұқият тексерілуіне байланысты туындап отыр.

Тексеруден өте алмаған кейбір көліктер кері қайтарылған. Шекара қызметінің баспасөз хатшысы Салқын Абдыкариева дегенмен "Қазақстан жағы көліктерді мүлде өткізбей жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарған.

"30 наурыз күні Қазақстанға 150 көлік өтті. Қазақстан жағына қарай 150 көлік өткенмен дәл сонша көлік жаңадан келіп, кезекке тұрды. Демек, көліктерді өткізіп жатыр. Кімнің құжаттары қазақ жағының талаптарына сәйкес келсе, соларды өткізіп жатыр" деді баспасөз хатшысы.

Ал өзге пунктерде мұндай кептеліс байқалмаған. Қазақстанның ресми орындары оқиғаға байланысты түсініктеме берген жоқ.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада халықаралық - 4, екі ел арасында ғана жұмыс істейтін - 4 бақылау өткізу бекеті бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG