Accessibility links

Нұр-Сұлтан қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кезегінің себебін айтты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитеті қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстанға өте алмай, жүздеген көліктің не үшін жиналып қалғанын хабарлады.

Комитет таратқан баспасөз хабарламасында "бұған тауар тиеген жүргізушілердің тексеруден өтуге құлықты болмауы себеп" деп жазылған.

31 наурызда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы "Ақ-тілек автожол" бақылау өткізу пунктінде кезекте тұрған жүк көлігінің саны 200-ге жеткен. Қазақстан жағына қарай сағатына шамамен 4-5 көлік өткен.

Ведомствоның айтуынша, Қазақстан шекарасында мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда тыйым салынған тауарлардың бар-жоғын анықтау үшін көліктер тексеріліп жатыр.

"27 наурыздан бастап "Қарасу" өткізу пунктінде қытай мен түрік өнімдерін тасымалдаған тоғыз көлік тексерілген. Көліктердің ешбірі тиеген тауарлары жайлы деректі дұрыс көрсетпегені анықталды. 40 көлік жүктері жайлы деректі дұрыстау үшін өз еркімен Қырғызстанға қайтқан. Қырғыз өнімдеріне визуалдық тексеру жүргізіліп жатыр. Әзірге заңбұзушылық жоқ" дейді комитет.

1 сәуірде Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі көліктердің әлі кептеліп тұрғанын хабарлады. Ведомствоның айтуынша, кезекте тұрған жүк көліктерінің саны 223-ке жеткен. Бішкек Талас облысындағы "Чон-Капка" бекетінде 60-70 - жеңіл, 25-30 жүк көлігі кезекте тұрғанын айтады.

Қырғыз билігі "кептеліске көліктердің мұқият тексерілуі себеп" дейді.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелісі
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:56 0:00

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада халықаралық - 4, екітарап арасында ғана жұмыс істейтін - 4 өткізу бекеті бар. Күн сайын шекарадан шамамен 30 мың адам өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG