Accessibility links

Ресей мигранттарды депортация ақысын төлеуге міндеттемек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей ішкі істер министрлігі Ресейден отанына депортациялау ақысын төлеуді мигранттардың өзіне міндеттейтін заң жобасын әзірледі. Ведомство ұсынысы нормативтік құқықтық актілер жобалары жарияланатын сайтта шықты. Өзгерістер әзірге "Ресейдегі шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы" заңға енгізілмеген.

Қазір азаматтарды депортациялау ақысын Ресей өз бюджетінен төлейді.

Бірақ 2017 жылы Ресейде депортациялау ережесі бойынша норма күшіне енген. Ол бойынша, Ресей аумағында жүруіне тыйым салынған шетелдік азамат ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің бақылауымен ұшаққа не пойызға билет сатып алып, депортацияланбастан өз еркімен елден кете алады.

Сондай-ақ "Ресейге кіріп-шығу тәртібі туралы" заңда "шетелдік не азаматтығы жоқ тұлға Ресейде жүргенде қандай да бір салықты болмаса әкімшілік айыппұлды төлемесе, келесі жолы оған Ресейге кіруге рұқсат берілмейді" деген тармақ бар.

Ресей мигранттарды депортациялау үшін қанша қаржы жұмсайтынын ішкі істер министрлігі айтпаған. Берлин есебінше, Германиядан бір азаматты отанына қайтаруға 1500 еуро (1685 доллар) жұмсалады. Мигрант елден өркімен кетсе, шығын шамамен екі есе қысқаруы мүмкін.

Ресей ішкі істер министрлігінің дерегінше, 2018 жылы 253 мың шетелдік азаматқа Ресейге кіруге тыйым салынған. Олардың көбі елден өз еркімен кеткен, тек 6 мыңнан астамы депортацияланған. Ресейде 10 миллионнан аса шетелдік азамат тұрады. Олардың көбіне елде жүруге заңды рұқсат берілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG