Украина президенттігінен үміткер Петр Порошенко қарсыласы үміткер Владимир Зеленскийді пікірсайысты 14 сәуірде өткізуді ұсынды. Петр Порошенко бұл жайлы 7 сәуір кешке "Украина" телеарнасының эфирінде айтты. Бұған дейін екі үміткер пікірсайысты Киевтегі Олимпиада стадионында өткізуге келіскен.
Украинадағы президент сайлауының бірінші кезеңінің қорытындысына сәйкес, актер Владимир Зеленский - сайлаушылардың 30,24 пайыз дауысын, ал Петр Порошенко 15,95 пайыз дауыс алған.
Президент сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірге белгіленген.
ПІКІРЛЕР