Accessibility links

Ләззат Танысбай "Қазақстан" РТРК басшысы болып тағайындалды


Ләззат Танысбай (Сурет "Нұр-Медиа" холдингінің ресми сайтынан алынды).
Ләззат Танысбай (Сурет "Нұр-Медиа" холдингінің ресми сайтынан алынды).

Журналист Ләззат Танысбай "Қазақстан" республикалық телерадио корпорациясының (РТРК) басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы 8 сәуірде Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында хабарлады.

Танысбай 2011-2012 жылдары ақпарат және байланыс вице-министрі болған. 2012 жылдың ақпанында "Астана қаласы теледидары" компаниясы бас директоры болып тағайындалды. 2018 жылдың 5 шілдесінен бастап "Нұр-Медиа" холдингін қатар басқарды.

Бұған дейін "Қазақстан" телерадио корпорациясын басқарған Ерлан Қарин президент кеңесшісі қызметіне тағайындалған.

Республикалық телерадио корпорациясының құрамында "Қазақстан", "Балапан", "Қазспорт", "Тамаша" телеарналары мен "Қазақ радиосы", "Шалқар радиосы", "Астана радиосы", "Классикалық радио" бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG