Accessibility links

Милиция бөлімшесінде өлтірілген қыздың ісі бойынша айыпталғандарға айыппұл салынды


Бурулай Турдаалыкызы
Бурулай Турдаалыкызы

Қырғызстанда 9 сәуірде Аладумун аудандық соты милиция бөлімшесінде өлтірілген Бурулай Турдаалыкызының қазасына байланысты сотқа тартылған Шу аудандық милиция бөлімшесінің қызметкерлеріне үкім оқыды.

Кезекші Ильич Иманалиевке, күзетші Мирлан Макеев және тергеуші Эржан Кадышевке бас бостандығынан айырудан басқа жаза кесілді. Сот олардың әрқайсысына 260 мың сом (3500 доллар) айыппұл төлеуді міндеттеді. Бұған қоса қаза тапқан қыздың әкесі Турдаалы Кожоналиевке барлығы 100 мың сом (1400 доллар) төлеуі тиіс.

Сот жәбірленуші тараптың пікірін ескеріп, инспекторлар - Замир Айткожоев пен Замир Бәйтерековті ақтап шығарды. Іс бойынша бес адамға "қызметіне салғырт қарады" деген айып тағылған.

Айыптау тарапы милиционерлерді бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

2018 жылы 27 мамырда Шу облысының Жайыл аудандық ішкі істер бөлімінде 20 жастағы студент Бурулай Турдаалыкызы қаза тапқан. Тергеу оны Марс Бодошев өлтірген деп тұжырым жасаған. Жігіт қызға үйленбек болып, оны алып қашқан. Милиция бөлімінде қызды пышақтап, өзін де жарақаттаған. Сотта Бодошов қызды алып қашқанын мойындаған, бірақ оны өлтірді деген айыпты жоққа шығарған.

Бұл оқиға Қырғызстан қоғамында резонанс тудырып, президент Сооронбай Жээнбеков қадағалаған.

11 желтоқсанда Бішкек қаласының Свердловск аудандық соты 11 желтоқсанда Марс Бодошевты Бурулай Турдаалыкызын алып қашып, оны милиция бөлімінде өлтірді деп айыптап, 20 жылға соттаған.

Судья Марс Бодошевтың кінәлі екендігі толық дәлелденгенін айтып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім кескен. Бодошевтың серігі Акмат Сейитов 7 жылға сотталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG