Accessibility links

Ауғанстанда "Талибан" шабуылынан 20 сарбаз оққа ұшты


АҚШ әскерилері 9 сәуірде көлік жарылған маңнан өтіп барады. Ауғанстан, 2019 жыл.
АҚШ әскерилері 9 сәуірде көлік жарылған маңнан өтіп барады. Ауғанстан, 2019 жыл.

"Талибан" содырлары 9 сәуірде Пәкістан шекарасына таяу маңдағы ауған әскерінің тексеру-өткізу бекетіне шабуыл жасап, 20 жауынгер қаза тапқан. Бұл туралы басылымдарға Ауғанстан билігі хабарлады.

Тағы сегіз әскери Шорабак ауданына жасалған шабуыл кезінде жарақат алды деп хабарлады Кандагар провинциясы кеңесінің мүшесі Мохаммад Юсоф Юноси.

Атының құпия қалуын сұраған провинция шенеуніктерінің бірі шабуыл болғанын растағанымен, қанша әскеридің қаза тапқанын айтқан жоқ.

"Талибан" өкілі Кари Юсуф Ахмади шабуылды мойнына алып, жауынгерлерінің ауған сарбаздарының қару-жарағын басып алғанын хабарлады.

8 сәуірде Ауғанстандағы АҚШ күштерінің бас базасында тәліптер жарылғыш заты бар көлікті жарып жіберіп, үш америкалық жауынгер қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG