Accessibility links

Суданды 30 жыл басқарған президент Омар әл-Башир "биліктен кетті"


Судан қорғаныс министрлігінің алдына жиналып, президент Омар әл-Баширдің биліктен кетуін талап етіп тұрған халық. Хартум, 11 сәуір 2019 жыл.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Судан президенті Омар әл-Башир биліктен кетті. Билікке жақын дереккөздер ақпарат агенттігіне қазір өтпелі кезеңде елді басқаратын кеңес құру мәселесі талқыланып жатқанын айтқан.

Дереккөздердің сөзінше, әскерилер қазір президент резиденциясында Баширді күзетіп отыр. Мемлекеттік телеарна жақын уақытта әскерилер мәлімдеме жасайтынын айтты. Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, ел астанасы Хартумға әскери күштер кіргізілген. Кейбір ақпарат агенттіктері елде әскери төңкеріс болғанын хабарлады.

Мыңдаған тұрғын Хартум көшелеріне шығып, "режим құлады" деп мерекелеп жатыр. Мемлекеттік телеарна мен радио патриоттық әндер қойған.

Омар әл-Башир Суданды 1989 жылдан бері басқарып келген. Желтоқсаннан бері Суданда халық азық-түліктің қымбаттауына қарсылық білдірген. Наразылар елді 30 жыл басқарып отырған Баширдің биліктен кетуін талап еткен. Төрт айдан бері жалғасып жатқан наразылық кезінде алпыстай адам қаза тауып, жүздеген адам ұсталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG