Accessibility links

Тоқаев ресми сапармен Өзбекстанға барады


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 сәуір күндері ресми сапармен Өзбекстанға барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен сауда, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзит саласы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, бірқатар маңызды құжаттарға қол қояды.

Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев пен Мирзияев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Тоқаев 11 сәуірде жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Сапар барысында ол қаладағы №2 емхананы, теңіз академиясын аралады.

Тоқаев президент болып тағайындалған соң алғашқы шетелдік сапарын Ресейден бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG