Accessibility links

Лондон соты Ассанжды кепілмен босау шартын бұзды деп тапты


Джулиан Ассанж. Лондон, 11 сәуір 2019 жыл.
Джулиан Ассанж. Лондон, 11 сәуір 2019 жыл.

Лондон соты 11 сәуірде Эквадор елшілігінде​ ұсталған WikiLeaks негізін қалаушы Джулиана Ассанжды 2012 жылы сотқа келмегені үшін кінәлі деп тапты. Бұл туралы ABC News хабарлады.

2010 жылы Швецияда зорлау бабымен күдікке ілінген Ассанж Лондонда ұсталып, кепілмен босап шыққан. 2012 жылы Эквадор елшілігін паналаған ол, соттың айтуынша, "босау шартын бұзған".

Бұл іс бойынша ол 12 ай түрмеге кесілуі мүмкін. Үкім мамырда шығады.

Осы айда сот Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау мәселесін де қарайды. АҚШ әділет министрлігінің 11 сәуірде жариялаған хабарламасында оған "2010 жылы компьютер жүйелерін бұзып кірді" деген айып тағылғаны жазылған. Айып бойынша, Ассанж WikiLeaks информаторы - әскери Челси Мэнненгке Пентагонның құпия ақпаратына қол жеткізуге көмектескен. Бұл айып дәлелденсе, Ассанж бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Американың құқық қорғау органдары бұған дейін Ассанжды "Ресеймен құпия келісім жасасты" деп те айыптаған. Құқық қорғау орган өкілдері оның АҚШ-тағы демократтар партиясы серверіндегі құжаттардың ұрлануына қатысы бар деп күдіктенген. Ал Ассанж Ресеймен байланысы барын жоққа шығарған.

WikiLeaks жобасы 2006 жылы пайда болған. Бұған дейін порталда Ирак, Ауғанстан және Сириядағы соғыстар жайлы АҚШ-тың құпия құжаттары жарияланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG