12 сәуірде Тоқаев Маңғыстау облысы қоғам белсенділерімен кездесіп, "мемлекет дамуының ең басты кепілі - билік сабақтастығы" деген. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп, ҚазТАГ ақпарат агенттігі жазды.
Президент кездесуде "мемлекеттілік пен дәстүр сабақтастығы - ел дамуының басты кепілі. Онсыз тұрақтылық та, даму да болмайды" деген.
Оның сөзінше, "ұлы дала демократиясынан бастау алатын әділдік қағидалары қатаң сақталуы керек".
"Олардан (қағидаларды айтады - ред.) айырылу адамдығымыздан, ұлттық даралығымыздан айырылумен тең" деді Тоқаев.
ҚазТАГ жазуынша, президент "Мемлекет саясатында да әділдік қағидасының сақталуы маңызды" деген.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін айтқан.
10 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталатынын жариялады.
Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.
ПІКІРЛЕР