Accessibility links

Лондонда Украина елшісіне жасалған шабуылды зерттеп жатыр


Оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері. Лондон, 13 сәуір 2019 жыл.
Оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері. Лондон, 13 сәуір 2019 жыл.

Лондон полициясы Украина елшісінің көлігіне жасалған шабуылды зерттеп жатыр. Құқық қорғау орган өкілдері оқиғаны теракті ретінде қарастырмайды.

13 сәуірде Лондонда Украина елшілігі алдында елші отырған көлікке шабуыл жасалғаны хабарланды. Елшілік өкілдерінің айтуынша, көлікті соққан машина қару қолданбаған. Оқиға орнына жылдам жеткен полицейлер шабуылдаушыны ұстаған. Ұстау кезінде екі жақ атысқан, бірақ ешкім зардап шекпеген.

Лондон полициясының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қару қолдану бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ұсталған 40 жастағы ер адамның денсаулығын тексеру үшін полиция оны орталық ауруханаға жеткізген. Кейінірек оның жараланбағаны анықталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG