Accessibility links

Ливиядағы қақтығыста он күн ішінде жүзден аса адам қаза тапты


Триполи тұрғындары қақтығыста қаза тапқан үкімет жауынгерін көмуге әкетіп барады. 8 сәуір 2019 жыл.

Ливия астанасы Триполиде 4 сәуірден бері болып жатқан әскери қақтығыс кезінде 121 адам қаза тауып, 561 адам жапа шеккен. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.

Ұйым Twitter-дегі парақшасында Триполиге медицина жабдықтарын жіберіп жатқанын жазып, дәрігерлер мен жедел жәрдем көлігіне жасалған төрт шабуылды сөккен.

4 сәуірде Ливия ұлттық әскерінің қолбасшысы Халифа Хафтар мен оны қолдайтын күштер Триполиге шабуыл жасап, қаланы қоршап алған.

2011 жылы Ливияда Муаммар Каддафи режимі құлағалы бірнеше ұйым ел аумағын бақылауына алу үшін соғысып келеді. Ірі күштің көбі Біріккен ұлттар ұйымының қолдауымен құрылған, Ливияның батыс бөлігін бақылайтын Ұлттық келісім үкіметі мен өздерін "Тобруктегі үкімет" атайтын Хафтар әскерилерінің айналасына шоғырланған.

Халифа Хафтар Мәскеуде оқыған. Соңғы жылдары бірнеше рет Ресейге келіп-кеткен. Болжам бойынша, Ресей билігі Хафтар әскерін қолдайды. Оның ішінде Вагнердің жекеменшік әскери компаниясы – "ЧВК Вагнера" де болуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 24.04.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG