Accessibility links

Ташкентте Тоқаев пен Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ташкентте Өзбекстан президентінің резиденциясы - "Көксарaйда" Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі хабарлады.

"Кеңейтілген және жабық форматтағы келіссөздер кезінде екі елдің президенттері саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ аймақтық және халықаралық тақырыптарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ" деп жазады басылым.

Келіссөздер соңында екіжақты құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалады деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Екінші президенттердің Ташкенттегі алғашқы кездесуі

14 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Ташкент әуежайынан Тоқаевты Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Ташкент мэрі Жохангир Артыққожаев​ қарсы алды.

Видео: Тоқаевтың Ташкентке келуі (өзбекше видео)

Екі елдің президенттері Қазақстанның Өзбекстандағы жылының ашылу салтанатына қатысады деген ақпарат тарады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы шетел сапарын Ресейден бастаған. Бірақ сол сапар "мемлекеттік" деген мәртебеге ие болған жоқ. Ресми билік бұл сапарды Тоқаевтың "алғашқы мемлекеттік сапары" ретінде атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG