Accessibility links

Арменияның тоғыз қаласында "Никол - өтірікші" деген жазулар пайда болды


Армения премьер-министрі Никол Пашинян.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян.

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні, 15 сәуірде, бірнеше азаматтық белсенді Армения премьер-министрі Никол Пашинянға наразылық ретінде қала орталығындағы қабырғаларға суреттер (граффити) салды.

Еревандағы орталық көшелерде #SutNikol ("Никол - өтірікші") деген жазулар пайда болған. Акцияға қатысқан белсенділердің бірі, блогер Артур Даниелянның сөзінше, Арменияның тоғыз қаласында осындай граффитилер салынған.

Акциядан соң 15 сәуірде Ереванда тоғыз адам ұсталып, сол күні полиция бөлімшелерінен босап шықты.

"Пашинян билікті жалған айтып басып алды. Мәлімдемелерінің бәрі - өтірік. Біз Пашинянға армениялықтардың бәрі оған тұтас сене бермейтінін көрсеткіміз келді. Акцияларды жалғастырамыз" деді Даниелян.

Биыл 14 қаңтарда Никол Пашинянның саяси альянсы мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауында жеңіске жеткен соң екінші рет Армения премьер-министрі болып тағайындалды. Пашинян "Арменияда негізгі саяси өзгеріс жасалды. Билік халықтың қолына өтті және Арменияда демократия орнады" деген.

Пашинян бұған дейін жемқорлыққа қарсы күрес туралы жиі жазған журналист әрі оппозициялық депутат еді. Ол былтыр мамырда Арменияда бірнеше аптаға созылған жаппай наразылық шерулерінен соң премьер-министр болып сайланған. 2018 жылы екі мерзім ел президенті болған Серж Саргсянның сәуір айында премьер-министр қызметіне сайланған. Бұл тағайындауға халық қарсы болып, наразылыққа шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG