Accessibility links

Трамп Йемендегі әскери кампанияны қолдауды доғару ұсынысына вето қойды


Йемендегі әскери кампанияға қарсы Ақ үй алдында өткен наразылық акциясы. 2017 жыл.
Йемендегі әскери кампанияға қарсы Ақ үй алдында өткен наразылық акциясы. 2017 жыл.

16 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Йемен аумағының басым бөлігін бақылауына алып, Иран үкіметі қолдайтын хуситтерге қарсы соғыс жүргізіп жатқан халықаралық коалицияға америкалық әскерилер көрсететін көмекті доғару туралы конгресс қарарына вето қойды.

АҚШ президенті әкімшілігінің мәлімедесінде "мұндай қарарды қабылдаудың қажеті жоқ" деп жазылған. Ақ үй "конгресс президентті атқарушы билік ие айрықша құзыреттен айыруға тырысып жатыр" деп санайды.

Конгресс 2015 жылы Сауд Арабиясы жетекшілік ететін коалицияның хуситтерге қарсы бастаған әскери әрекетінен бері құрбандар саны өскенінее назар аударған. Осы мәселеге орай конгресс Америка әскерінің қайтарылуын сұрап, коалицияны қолдаудың кез келген түрін доғаруды талап еткен.

Алайда Трамп АҚШ-тың бұл қолдауын коалицияға мүше елдерде тұратын Америка азаматтарын қорғау ретінде түсіндіреді. Коалиция елдерінде 80 мың Америка азаматы тұрады.

"Йемен тұрғындары бомбаға емес, гуманитарлық көмекке мұқтаж" деген қарарды ұсынғандардың бірі, демократ-сенатор Берни Сандерс.

Басылымдар "қарарды қолдайтындар президент ветосының күшін жою үшін жеткілікті дауыс жинай алмайды" деп жазады. Президент Трамп қызметіне кіріскен екі жарым жылдан астам уақыт ішінде конгресс қарарына екінші рет вето қойып отыр. Жыл басында ол Мексика шекарасындағы төтенше жағдай режимін алып тастау туралы ұсынысқа вето қойған.

Араб мемлекеттері арасындағы ең кедей ел саналатын Йеменде Сауд Арабиясы жақтайтын үкімет әскері мен Иран қолдайтын хусит көтерілісшілері төрт жылдан бері соғысып жатыр. Соғыс басталғалы он мыңнан аса адам қаза тапқан. Ел экономикасы әбден тоқырап, миллиондаған адам аштықтың аз-ақ алдында тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG