Accessibility links

Рахмон: Ресей Тәжікстанда орыстілді бес мектеп салады


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

16 сәуірде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ресейге жұмыс сапары кезінде мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті. Кездесуде Мәскеу мен Душанбе Тәжікстан аумағында орыстілді бес мектеп салу туралы келісімге қол қоятыны хабарлады.

"Ресей тарапының Тәжікстанда бес орыстілді мектеп салу туралы шешімін қолдаймыз. Бұл жоба бойынша келісімге қол қоямыз. Жоба таяу арада іске асады деп үміттенеміз" деді Рахмон.

Бұған дейін Тәжікстанда мектептер көбіне Дүниежүзілік банктің қаржысына салынып келген. Бірақ 2019 жылы банк пен басқа да халықаралық ұйымдар Тәжікстанды қолдау бағдарламаларын тоқтатқан. Душанбенің Мәскеуден көмек сұрауына осы себеп болған деген болжам айтылады.

Ресей 12 жылдан бері Тәжікстан мектептеріне қолдау көрсетіп келеді. Мәскеу 2017 жылы Тәжікстанға мектеп оқушыларына арналған орыс тіліндегі 60 мыңнан аса кітап жіберілген. Тәжікстан мұғалімдері Мәскеу есебінен Ресейге ұдайы оқуға барып тұрады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG