Accessibility links

Қырым татар ұлттық қозғалысының төрт белсендісі сотталды


Бекир Дегерменджи Симферопольдегі Қырым аудандық сотының алдында.
Бекир Дегерменджи Симферопольдегі Қырым аудандық сотының алдында.

Ресей аннексиялап алған Қырымдағы Cимферополь соты "бопсалау" бабымен айыпталған Қырым татар ұлттық қозғалысының төрт ардагеріне үкім шығарды. Бекир Дегерменджи, Кязим Аметов және Руслан Трубачтың үш жыл сынақ мерзімімен үш жылға бас бостандығы шектелді. Сот Асан Чапухты бірнеше Калашников автоматы мен оқтарын сақтады деп танып, үш жарым жылға шарттты түрде соттады.

Төрт белсенді 2017 жылы қарашада Симферопольде Түркия азаматы Юсуф Айтанның "Қырым татарлары менен ақша бопсалады" деген шағымынан соң ұсталған. Ұстау кезінде Қырым татарларының ұлттық қозғалысы ардагерлерінің бірі Виджие Кашка көз жұмған.

Сотталғандар сөзінше, Айтан Кашкадан қарызға ақша алып, қайтармай қойған. Мұнан соң Кашка Дегерменджи, Аметова, Трубач пен Чапухтан көмек сұраған. "Бірақ біздің әрекетімізді Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі мен сот бопсалау деп таныды" дейді олар.

11 сәуірде Симферополь аудандық соты айыпталушыларды қолдап, Юсуф Айтаннан Кашка отбасына қарыз ақшаны өндіріп беру туралы қаулы шығарған. Үкім оқылғанда судьяның мұны ескермегенін айтқан айыпталушылар апелляцияға жүгінетіндерін жеткізді.

Айыпталған белсенділер ұсталған соң бірнеше ай уақытша тергеу абақтысында отырып, кейін үйқамаққа жіберілген. Үкім заңды күшіне енгенше белсенделер үйқамақта отырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG