Accessibility links

Пәкістанда белгісіз топтың автобусқа шабуылынан 14 адам қаза тапты


Пәкістан әскериі Белуджистанда жасалған шабуылдардың бірінен соң. Көрнекі сурет.
Пәкістан әскериі Белуджистанда жасалған шабуылдардың бірінен соң. Көрнекі сурет.

Пәкістанның оңтүстік-батысында белгісіз біреулер автобусқа шабуыл жасап, 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Пәкістан билігі хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Карачиден Гвадарға (Пәкістандағы Белуджистан провинциясы Гвадар округінің әкімшілік орталығы) бағыт алған автобусты қаруланған азаматтар тоқтатқан. Аман қалғандардың айтуынша, шабуыл жасағандар жолаушылардың құжаттарын тексеріп, іріктеп өлтірген.

Шабуыл жасағандардың кім екені белгісіз. Әзірге ешбір топ жауапкершілікті мойнына алмады.

Белуджистан провициясы - Пәкістанда шабуыл мен соғыс ең көп болатын аудандардың бірі. Провинцияда сепаристер де, қаруланған исламшыл топтар да бар. Әдетте белудждық сепаратистер - басқа этникалық топтарға, исламшылдар шииттерге шабуыл жасайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG