Accessibility links

Жамбыл облысында жол апатынан 11 адам қаза тапты


Ташкент - Алматы күрежолында апатқа ұшыраған автобусты арнайы транспортқа тиеп жатқан сәт. Қордай ауданы, Жамбыл облысы. 20 сәуір, 2019 жыл.

20 сәуір таңғы сағат бес шамасында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Алматы - Ташкент бағытындағы трассаның 181-шақырымында Toyota көлігі жол жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Көлік артында келе жатқан автобус аударылған.

"Көлік апатынан 11 адам қаза тапты, 29 адам зардап шекті" деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораздың айтуынша, оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков, облыс прокуроры Жарқын Құсайынов, облыстық полиция департаменті, төтенше жағдай және қорғаныс істері басқармасы өкілдері кеткен.

Көлік апатына байланысты "жол ережесін бұзу", "көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері мен облыстық полиция департаменті өкілдерінен құралған шұғыл-тергеу тобы құрылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG