Accessibility links

Сот "жала жабу" бабы бойынша айыпталған қостанайлық журналисті ақтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сәуірдің 19-ы күні Қостанай қалалық №2 соты Tobolinfo агенттігінің журналисі Алина Сушконы ақтау туралы үкім шығарды деп хабарлады Tobolinfo агенттігі.

Сот шағымына өткен жылы тамыз айында осы сайтта жарияланған мақала негіз болған. Сотқа шағым түсірген полицей мақалада жарияланған деректерді жоққа шығарып, журналисті "жала жапты" деп айыптаған. Соттан мақала авторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды өтінген. Бұған дейін елдегі баспасөз қорғау ұйымдары журналиске екі жыл бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұрғанын айтып алаңдаған.

19 сәуірде сот үкімін оқыған судья Самат Сатмамбетов "қылмыстық құрамы жоқ болғандықтан" Сушконы кінәсіз деп таныған.

Наурыз айының ортасында Петропавл соты "жала жабу" бабы бойынша айыпталған осы өңірде шығатын “Квартал” газетінің тілшісі Елена Кузнецованың бостандығын бір жылға шектеп, 35 мың теңге айыппұл салған еді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар көптен бері Қазақстанда жала жабу бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы мәлімдемелер жасап келеді. 2016-2017 жылдары бұл бап бойынша 93 адам сотталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG