Accessibility links

СІМ: Шри-Ланкадағы жарылыста қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ


Жарылыс болған орындардың бірі. Шри-Ланка, 21 сәуір 2019 жыл.
Жарылыс болған орындардың бірі. Шри-Ланка, 21 сәуір 2019 жыл.

Алдын ала мәлімет бойынша, Шри-Ланкадағы жарылыстан қаза тапқан және жараланған азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі сәуірдің 21-і күні.

Шри-Ланкадағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан СІМ таратқан хабарламада "Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады. Адамгершіліктен жат бұл қасіреттердің ұйымдастырушылары мен насихатшылары анықталып, қатты жазаға тартылу қажет" деп жазылған.

Жексенбі, 21 сәуірде Шри-Ланкадағы бірнеше жарылыстан 200-ден астам адам қаза тауып, 400-ден астам адам зардап шеккен. Жарылыс бірнеше қаладағы үш шіркеу, үш қонақ үй, хайуанаттар паркі мен аудан орталығында болған. Indian Express сайты қаза тапқандар арасында отыздан астам шетел азаматы барын хабарлады. Елде коменданттық сағат енгізілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG