Экзит-полл нәтижесі бойынша, Украинадағы президент сайлауында сайлаушылардың 73,2 пайызы - әртіс Владимир Зеленскийге, 25,3 пайызы елдің қазіргі президенті Петр Порошенкоға дауыс берген. Дауыс бергендержің 1,5 пайызы екі үміткерді де сызып тастаған немесе бюллетеньді бүлдірген.
Бұған қоса, экзит-полл қорытындысы Владимир Зеленскийдің Украинаның барлық аймағында басымдыққа ие болғанын көрсеткен. Бұл - Киев уақытымен кешкі сағат 18.00-дегі (Нұр-Сұлтан бойынша кешкі сағат 21.00) жағдай.
Сәуірдің 21-і Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Азат Еуропа/Азаттық радиосының "Настоящее время" жобасы Украинадағы президент сайлауының барысын күні бойы сарапшылармен талқылап, сайлау учаскелерінен тікелей эфирде хабар таратты.
ПІКІРЛЕР