Accessibility links

Жетісайда өгей шешесінен құқай көрген балалар мемлекет қорғауына алынды


Әкімдік ғимараттарының бірі. Көрнекі сурет.
Әкімдік ғимараттарының бірі. Көрнекі сурет.

Түркістан облысы Жетісай ауданында өгей шешесі «ұрып-соққан» үш қыз мемлекет қорғауына берілді. Бұл ақпаратты 22 сәуірде Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының басшысы Бимен Қансайіт хабарлады.

Бимен Қансейіттің айтуынша, 20 сәуірде Жетісай аудандық әкімдігі мен аудандық білім бөлімі 6, 7 және 9 сыныпта оқитын үш қызды мемлекет бақылауына беру туралы қаулы шығарған. Қыздар Жетісайдан Шымкентке жеткізілген.

«Келген кезде үшеуі де «қайда келіп қалдық?» деп жатырқады. Қазір жақсы, бейімделуде. Қыздармен психологтар, тәрбиешілер жұмыс істеп жатыр» дейді орталық басшысы.

Өгей шешесінен құқай көрген қыздардың әжесінің қарауынан алынып, мемлекет қорғауына берілгенін Жетісай аудандық әкімдігінің баспасөз хатшысы Айдар Сейдәзім де растады. Азаттық тілшісі кәмелет жасқа толмаған қыздардың әжесіне хабарласқанымен жауап ала алмады.

19 сәуірде Түркістан облысы Жетісай аудандық соты өгей үш қызын "ұрып-соққан" 28 жастағы Жұлдыз Көпееваны үйқамаққа алу туралы қаулы шығарған. Сот күдіктінің тұрғылықты мекенжайын, екі жасқа толмаған баласы барын және жүкті екенін ескерген. Айыпталушы Жұлдыз Көпеева тағылған айыпты ішінара мойындаған.

12 сәуірде Жетісайдағы Дінмұхамед Қонаев атындағы мектептің бір отбасындағы 6,7 және 9-сыныпта оқитын оқушы қыздарының бетінің көгергенін сынып жетекшілері байқаған. Мектеп директоры болған жайт бойынша білім бөліміне хабарлағаннан соң аудан әкімдігі полициямен бірге қыздарды әке-шешесінен оқшаулаған.

Сәуір айының ортасында жергілікті полиция "кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" (Қылмыстық кодекстің 140-бабы) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG