Accessibility links

Назарбаев Қытайдағы "Бір белдеу - бір жол" форумына қатысады


Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында отыр. 22 сәуір 2019 жыл.
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында отыр. 22 сәуір 2019 жыл.

Қазақстанның бірінші президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 25-27 сәуірде Пекинде өтетін "Бір белдеу - бір жол" форумына қатысады. Бұл туралы Назарбаев 22 сәуірде Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездескенде айтты.

Ақорда сайтының хабарлауынша, Назарбаев елшімен кездесуде Пекинге барғанда Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізетінін айтты.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо "Бір белдеу - бір жол" екінші форумына "37 елдің президенті мен үкімет басшылары келетінін, шараға Назарбаевтың құрметті қонақ ретінде қатысатынын" мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай елшісі Чжан Сяомен 20 наурызда кездескен. Сол кезде Чжан Сяо Назарбаевқа Син Цзиньпиннің "Бір белдеу - бір жол" екінші форумына шақыртуын жеткізген.

"Бір белдеу - бір жол" форумы биыл 25-27 сәуір күндері Пекинде өтеді.

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG