Accessibility links

Мьянма Жоғарғы соты түрмеге кесілген Reuters журналистерінің үкімін өзгертпеді


Мьянмада ұсталған Reuters журналистері Ва Лон (сол жақтан екінші) мен Куа Сое Уу (қолын көтеріп тұр).

Мьянма Жоғарғы соты мемлекеттік құпия туралы заң бұзды деп жеті жылға сотталған Reuters агенттігінің екі журналисіне кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ва Лон мен Сое Ооны сот "мемлекеттік құпия туралы заңды бұзды", яғни, рохинджаларға қарсы операция туралы құпия құжаттарды жариялады деп айыптаған.

Журналистер өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады. Қорғаушылырдың айтуынша, прокурорлар журналистердің құпия деректерді әдейі жинап, Мьянмаға дұшпан елдерге жібергенін дәлелдей алмаған.

БҰҰ мен Еуропа одағы, бірнеше халықаралық ұйым Ва Лон мен Сое Ооны босатуды талап еткен.

2017 жылдың соңынан бастап Мьянманың батысындағы Ракхайн штатында полиция мен армия полицияға шабуыл жасалғаны үшін әскери "кек алу акциясы" аясында жүздеген мұсылман рохинджаны қырып тастаған. Содан бері 700 мыңға тарта рохинджа көрші Бангладешке және Бенгал түбегіндегі кісі тұрмайтын аралға босып кеткен. Олар содан бері босқындар лагерлерінде антисанитарлық жағдайда тұрып жатыр.

Мьянма билігі бұған қоса "терроризм" айыбымен жүзге жуық рохинджаны ұстаған. Мьянмадан бассауғалаған рохинджалар полиция мен әскерилердің мыңдаған адамды өлтіріп, елді мекендерді өртегенін, өздерін аяусыз жазалап, азаптағанын айтқан. Журналистер осы тақырыптарды қамтығаны үшін былтыр желтоқсанда ұсталған.

Ва Лон мен Сое Оо Ракхайнның солтүстігінде он мұсылманның өліміне әскерилердің қатысы бар-жоғын зерттеп жүрген. Мақала мәтіні журналистер қамауға алынған соң жарияланды. Зерттеуде әскерилердің бейбіт тұрғындар өліміне қатысы барын айғақтайтын деректер келтірілген. Сәуір айында мақалаға Пулитцер сыйлығы берілді.

Жоғарғы соттың бұл шешімін Журналистерді қорғау халықаралық ұйымы сынға алды. Ұйым мәлімдемесінде "журналистер шағымын қанағаттандырудан бас тарту - елдегі тәуелсіз журналистиканы заңсыз нәрсеге айналдыру" деп жазылған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 24.05.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:31 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG