Accessibility links

Қазақстан президенттігіне үміткер Таспихов комиссияға құжаттарын өткізді


Амангелді Таспихов.

Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке үміткер ретінде ұсынған Амангелді Таспихов бүгін, 25 сәуірде орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді. Бұл туралы комиссияның ресми сайтында хабарланды.

Таспихов ұсынған құжаттар арасында өзін президенттікке кандидат ретінде ұсынған федерация жиыны хаттамасы, мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын анықтама мен комиссия шотына сайлау жарнасын төлегені жайлы қағаз бар.

Үміткер мемлекеттік тілден емтиханды ертең, 26 сәуірде тапсырады.

Әзірге тіл емтиханын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы ұсынған Сәдібек Түгел ғана тапсырды. 23 сәуірде "Нұр Отан" партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан Тоқаевтың "мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырғаны" хабарланды. Журналист Түгел мәтінінде "кішігірім пунктуациялық қателер жібергенімен", комиссия "мемлекеттік тілді еркін меңгерген" деп шешкен.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Кандидаттарды ұсыну - 28 сәуірде, тіркеу 11 мамырда аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG