Accessibility links

Бішкек: Жээнбеков қатысқан Оштағы жиында ешкім ұйықтаған жоқ


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков "Цифрлық Қырғызстан: өңірлер дамуы" форумында сөйлеп тұр. Ош, 22 сәуір 2019 жыл.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков "Цифрлық Қырғызстан: өңірлер дамуы" форумында сөйлеп тұр. Ош, 22 сәуір 2019 жыл.

25 сәуірде Қырғызстан президентінің өкілі Ош қаласында президент Сооронбай Жээнбековтің қатысуымен өткен форумда кей адамдар ұйықтап отырды деген ақпаратты жоққа шығарды. Курманбек Дыйканбаевтың сөзінше, видео арқылы тексеру жүргізіліп, ешкімнің ұйықтамағаны анықталған.

"Видеоны қарап шықтық. Жетекшілердің ешбірі ұйықтап отырмаған. Бұл - жалған ақпарат. Сооронбай Шарипулы форумда сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін болды. Түстен кейін форум тағы үш-төрт сағатқа жалғасты. Бәлкім осы уақыт арасында әлдекім ұйықтап отырған шығар. Атқарушы билік қандай да бір шара қабылдар" деді Дыйканбаев Азаттықтың Қырғыз қызметіне.

22 сәуірде Ош қаласында "Цифрлық Қырғызстан: өңірлер дамуы" атты тұңғыш телекоммуникациялық форум өткен. Жиыннан соң әлеуметтік желіде ұйықтап отырған форум қатысушыларының суреттері мен видеолары тараған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG