Accessibility links

Боксшы Василий Левит Азия чемпионатында нокдаунмен жеңілді


Қазақстандық боксшы Василий Левит (қызыл формада).
Қазақстандық боксшы Василий Левит (қызыл формада).

Бокстан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері, 2017 жылғы Азия чемпионы Василий Левит (91 кг) Бангкокта өтіп жатқан Азия біріншілігінің жартылай финалында оңтүстік кореялық Ким Хьен Кюден жеңіліп, финалға шыға алмады. 25 сәуірде өткен кездесудің соңына қарай Левит нокдаун алып, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша Левит Азия чемпионатының қола медалін алды.

Бангкоктағы Азия чемпионатында 75 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет түркіменстандық Нұрсахат Паззыевты жеңіп, финалға шықты. Теміртас Жүсіпов (49 кг) қола медаль иеленді. Ол ширек финалда қабағы жырылып кетіп, жартылай финалға шыға алмады. Ал Санатәлі Толтаев (64 кг) жартылай финалда тәжікстандық боксшы Баходир Усмановтан жеңілді.

Бүгін, 25 сәуір кешкісін тағы үш қазақстандық боксшы - Закир Сафиуллин (60 кг), Бек Нұрмағанбет (81 кг) және Қамшыбек Қонқабаев (+91 кг) жартылай финалдағы кездесулерін өткізеді.

Бокстан Азия чемпионаты 26 сәуірде аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG