Accessibility links

"Ауыл" партиясы сайлауға Төлеутай Рақымбековті кандидат ретінде ұсынды


Төлеутай Рақымбеков "Ауыл" партиясы съезінде сөз сөйлеп тұр. Нұр-Сұлтан, 25 сәуір 2019 жыл.
Төлеутай Рақымбеков "Ауыл" партиясы съезінде сөз сөйлеп тұр. Нұр-Сұлтан, 25 сәуір 2019 жыл.

"Ауыл" партиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына Төлеутай Рақымбековті үміткер ретінде ұсынды. Бұл туралы 25 сәуірде Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан партия съезінде айтылды.

Рақымбеков президент болса, көп балалы аналар мәселесін, ауыл шаруашылығы проблемаларын шешуге күш салатынын айтты.

54 жастағы Рақымбековтің мамандығы - инженер-механик және заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Кәсіпкерлікпен айналысқан. Сәтпаев қаласы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болып істеген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымға белгіленген. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде, тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Қазірге дейін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден ұсынылған кандидаттар:

  • Сәдібек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы​ (тіл емтиханынан өтті);
  • Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы (тіл емтиханынан өтті);
  • Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы (ОСК-ға құжаттарын тапсырды);
  • Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG