Accessibility links

Вашингтон Шешенстан премьер-министрінің АҚШ-қа кіруіне тыйым салды


Муслим Хучиев.
Муслим Хучиев.

АҚШ билігі Шешенстан үкіметінің төрағасы Муслим Хучиев пен әйелі Сапия Шабазоваға, олардың туыстарына елге кіруге тыйым салды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде айтылады.

Департамент мұндай шешім қабылдауына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жүргізген зерттеу қорытындысы негіз болғанын айтады. Зерттеуде "Шешенстан азаматтары ұдайы қудаланады, заңсыз ұсталып, қамалады, азапталып, жоғалып кетеді, сотсыз жазаға тартылады" деп жазылған. Вашингтон бұл азаптауларға Хучиевтің "қатысы барын дәлелдейтін айғақтары бар" екенін айтады.

Мемлекеттік департамент Ресей билігін Шешенстандағы адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар барлық азаматты (оның ішінде премьер-министр де бар) жауапқа тартуға шақырған.

Муслим Хучиев 2018 жылдың маусымынан бері Шешенстан премьер-министрі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол үш жыл Грозный қаласы мэрі болған. Шешенстан үкіметінде - министр, Мәскеуде журналист болып істеген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG