Accessibility links

Адвокат: Баннер үшін қамалған Әсия Төлесова аштық жариялады

"Митинг өткізу тәртібін бұзды" деп айыпталған Әсия Төлесова сотта тұр. Алматы, 21 сәуір 2019 жыл.
"Митинг өткізу тәртібін бұзды" деп айыпталған Әсия Төлесова сотта тұр. Алматы, 21 сәуір 2019 жыл.

Алматыдағы марафон кезінде "Шындықтан қашып құтылмайсың" деген баннер ілгені үшін билік 15 тәулікке қамаған белсенді Әсия Төлесова сот шешіміне наразылық ретінде әкімшілік жауапқа тартылғандарды қамауда ұстайтын мекемеде сәуірдің 23-інен бері аштық жариялап жатыр. Бұл туралы оның адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады. Оның айтуынша, Төлесова аштық акциясын бостандыққа шыққанға дейін жалғастыруды ұйғарған.

- Әсия астан бас тартты, тек су ғана ішеді, қазір дәрігердің бақылауында. Әзірге оның жағдайы тұрақты, - деді Балғабаева Азаттыққа.

Адвокаттың сөзінше, Төлесова өзін темекі тартатын адаммен бірге қамауда ұстап отырғанына шағым айтқан.

Қазақстан бас прокуратурасы Төлесованың 24 сәуірден бері тамақ ішуден бас тартып, тек су ішіп жатқанын хабарлады. Бас прокуратураның дерегінше, Төлесованың жағдайын дәрігерлер бақылап отыр.

Адвокат Жанар Балғабаева Төлесованы қамауға алу туралы Алматы әкімшілік сотының шешімі мен апелляциялық алқаның ұйғарымына наразылық білдіріп Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіретінін айтты.

Алматы әкімшілік соты 21 сәуірде қаладағы марафон кезінде жол бойына "Шындықтан қашып құтылмайсың" деген жазуы бар плакат ілгені үшін жергілікті белсенділер - 34 жастағы Әсия Төлесова мен 20 жастағы Бейбарыс Толымбековті 15 тәулікке қамауға қаулы еткен. Баннерде "#меніңтаңдауымбар #adilsailayuzhin" деген жазулар да болған. Төлесова мен Толымбеков баннерді 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жұрттың назарын аударып, сайлауды әділ өткізуге шақыру мақсатында ілгендерін айтқан.

Сот осы акцияны камераға түсірген тағы үш белсенді - Сүйінбике Сүлейменова, Айдос Нұрболатов және Айгүл Нұрболатованы да "митинг өткізу тәртібін бұзды" деп танып, 50 500 теңге (130 доллардан астам) айыппұл салған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары - Freedom House және Amnesty International Қазақстан билігін Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуға шақырды. Алматылық белсенділер қамаудағыларға қолдау білдірді. Чехия, Франция және Ұлыбританияда оқитын қазақстандық студенттер осы елдердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері алдында Алматыда қамауда отырған Төлесова мен Толымбековті қолдап, "Шындықтан құтыла алмайсың" акциясын өткізді.

Шетте оқитын қазақ жастары Алматыда қамалғандарды қолдады

Чехияда оқитын қазақстандық студенттер 24 сәуірде Қазақстанның Чехиядағы елшілігі алдына келді. Студенттер Қазақстан билігінен алдағы кезектен тыс президент сайлауын әділ өткізуді, денсаулық, білім саласын жетілдіруді, сөз бостандығын қорғауды талап етті. Прага, 24 сәуір 2019 жыл.
1/10 Чехияда оқитын қазақстандық студенттер 24 сәуірде Қазақстанның Чехиядағы елшілігі алдына келді. Студенттер Қазақстан билігінен алдағы кезектен тыс президент сайлауын әділ өткізуді, денсаулық, білім саласын жетілдіруді, сөз бостандығын қорғауды талап етті. Прага, 24 сәуір 2019 жыл.
Париж, Прага, Тбилисиде оқитын қазақстандық студенттер Алматы марафонында баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етіп, "Шындықтан қашып құтылмайсың" атты акция өткізді.
Олар "әлеуметтік желі арқылы жиналғандарын" айтады. Прага, 24 сәуір 2019 жыл.
2/10 Олар "әлеуметтік желі арқылы жиналғандарын" айтады. Прага, 24 сәуір 2019 жыл.
Париж, Прага, Тбилисиде оқитын қазақстандық студенттер Алматы марафонында баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етіп, "Шындықтан қашып құтылмайсың" атты акция өткізді.
Елшіліктен шығып, өзін "кезекші коммендатпын" деп таныстырған адам жиналғандардың талап-тілектерін "жауапты адамдарға жеткізетінін" айтты. Прага, 24 сәуір 2019 жыл.
3/10 Елшіліктен шығып, өзін "кезекші коммендатпын" деп таныстырған адам жиналғандардың талап-тілектерін "жауапты адамдарға жеткізетінін" айтты. Прага, 24 сәуір 2019 жыл.
Париж, Прага, Тбилисиде оқитын қазақстандық студенттер Алматы марафонында баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етіп, "Шындықтан қашып құтылмайсың" атты акция өткізді.
Прагадағы қазақ жастары қамауда отырған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті "танымайды". Бірақ "бейбіт жолмен өз пікірін айтқандар қудаланбауы керек" деп санайды. Полиция алматылық белсенділер "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген.
4/10 Прагадағы қазақ жастары қамауда отырған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті "танымайды". Бірақ "бейбіт жолмен өз пікірін айтқандар қудаланбауы керек" деп санайды. Полиция алматылық белсенділер "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген.
Париж, Прага, Тбилисиде оқитын қазақстандық студенттер Алматы марафонында баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етіп, "Шындықтан қашып құтылмайсың" атты акция өткізді.
Прагада оқитын қазақ жастары қолдарына "Менің таңдауым бар", "Әсия мен Бейбарысқа бостандық!", "Шындықтан қашып құтылмайсың", "Сөз бостандығы үшін", "Әділдік үшін" деген жазуы бар плакат ұстап тұрды.
5/10 Прагада оқитын қазақ жастары қолдарына "Менің таңдауым бар", "Әсия мен Бейбарысқа бостандық!", "Шындықтан қашып құтылмайсың", "Сөз бостандығы үшін", "Әділдік үшін" деген жазуы бар плакат ұстап тұрды.
Париж, Прага, Тбилисиде оқитын қазақстандық студенттер Алматы марафонында баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етіп, "Шындықтан қашып құтылмайсың" атты акция өткізді.
Әсия Төлесова - 1938 жылы саяси қуғын-сүргін кезінде атылып кеткен ақын Ілияс Жансүгіров пен саяси қайраткер Ораз Жандосовтың ұрпағы. Ол сот үкімінен соң да қазақстандықтарға "бірігіңдер, құқықтарыңды қорғай біліңдер" деді.
6/10 Әсия Төлесова - 1938 жылы саяси қуғын-сүргін кезінде атылып кеткен ақын Ілияс Жансүгіров пен саяси қайраткер Ораз Жандосовтың ұрпағы. Ол сот үкімінен соң да қазақстандықтарға "бірігіңдер, құқықтарыңды қорғай біліңдер" деді.
Париж, Прага, Тбилисиде оқитын қазақстандық студенттер Алматы марафонында баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етіп, "Шындықтан қашып құтылмайсың" атты акция өткізді.
Парижде үш студент "Шындықтан қашып құтылмайсың. Әділ сайлау үшін. Менің таңдауым бар" деген баннер ұстап тұрды. Акцияға қатысушы Нұрлан Қуанышбектің айтуынша, елшіліктен шыққан адам назар аудармай, олардың жанынан өте шыққан.
7/10 Парижде үш студент "Шындықтан қашып құтылмайсың. Әділ сайлау үшін. Менің таңдауым бар" деген баннер ұстап тұрды. Акцияға қатысушы Нұрлан Қуанышбектің айтуынша, елшіліктен шыққан адам назар аудармай, олардың жанынан өте шыққан.
Париж, Прага, Тбилисиде оқитын қазақстандық студенттер Алматы марафонында баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етіп, "Шындықтан қашып құтылмайсың" атты акция өткізді.
Парижде оқитын қазақстандық жастар "Триумф аркасының" маңында тұр.
8/10 Парижде оқитын қазақстандық жастар "Триумф аркасының" маңында тұр.
Париж, Прага, Тбилисиде оқитын қазақстандық студенттер Алматы марафонында баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етіп, "Шындықтан қашып құтылмайсың" атты акция өткізді.
Францияда оқитын қазақстандық студенттер елде қудаланып жатқан белсенділерге осылай қолдау көрсетті.
9/10 Францияда оқитын қазақстандық студенттер елде қудаланып жатқан белсенділерге осылай қолдау көрсетті.
Париж, Прага, Тбилисиде оқитын қазақстандық студенттер Алматы марафонында баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етіп, "Шындықтан қашып құтылмайсың" атты акция өткізді.
Белсенділерді қолдау шарасы 22 сәуір күні Қазақстанның Грузиядағы елшілігі алында да өтті. Қатысушылардың бірі Арина Осиновская Бейбарыс Толымбековті танитынын айтты.

"Алматыда болып жатқан оқиғалар мені де, шетелде тұратын қазақстандықтардың көбін толғандырады. Сондықтан плакатымда "Шындықтан қашып құтылмайсың" деген жазу болды" дейді ол Азаттыққа.

Төлесова мен Толымбековтің қамалуын Freedom House және Amnesty International   халықаралық құқық қорғау ұйымдары да сынап, Қазақстан билігінен белсенділерді босатуды талап етті.
10/10 Белсенділерді қолдау шарасы 22 сәуір күні Қазақстанның Грузиядағы елшілігі алында да өтті. Қатысушылардың бірі Арина Осиновская Бейбарыс Толымбековті танитынын айтты.

"Алматыда болып жатқан оқиғалар мені де, шетелде тұратын қазақстандықтардың көбін толғандырады. Сондықтан плакатымда "Шындықтан қашып құтылмайсың" деген жазу болды" дейді ол Азаттыққа.

Төлесова мен Толымбековтің қамалуын Freedom House және Amnesty International   халықаралық құқық қорғау ұйымдары да сынап, Қазақстан билігінен белсенділерді босатуды талап етті.
Париж, Прага, Тбилисиде оқитын қазақстандық студенттер Алматы марафонында баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етіп, "Шындықтан қашып құтылмайсың" атты акция өткізді.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG