Accessibility links

Вашингтон соты ресейлік Мария Бутинаны 18 айға қамады


Мария Бутинаның қамауда отырғандағы суреті.
Мария Бутинаның қамауда отырғандағы суреті.

Сәуірдің 26-сы күні Вашингтон соты АҚШ-та Ресей мүддесіне заңсыз лобби жасады деп айыпталған ресейлік Мария Бутинаны 18 айға қамау туралы үкім шығарды.

Бутина "АҚШ-қа зиян келтіру мақсатында ресейлік агенттермен астыртын сөз байласқанын" мойындаған. АҚШ прокуратурасы басында Бутинаға бір жарым жыл жаза сұраған, бірақ кейінірек еліне депортациялауды сұрады.

Сот үкіміне сәйкес, Бутина АҚШ түрмесінде 9 ай жазасын өтейді. Ол жазасының жартысын тергеу амалдары жүріп жатқанда өтеген. Одан соң оны Ресейге депортациялайды. Оның он жыл бойы АҚШ-қа баруына да тыйым салынған.

Сот құжаттарындағы дерекке сәйкес, Бутина Американың тергеу органдарымен әріптестік орнатқаны үшін елінде "қудаланбайтынын” немесе "қысымға ұшырамайтынын" айтқан.

Ресейдегі "Право на оружие" қоғамдық ұйымын басқарған Бутина АҚШ-та 2018 жылы шілде айында ұсталған. АҚШ құқық қорғау органдарының мәліметінше, Бутина Кремль мүддесін қорғау үшін Республикалық партиядағы негізгі демеушілерге ықпал етпек болған. 

Оқи отырыңызАҚШ айып таққан Мария Бутинаның ісі

XS
SM
MD
LG