Accessibility links

Ғалымдар: Чернобыль апатының салдары әлі күнге дейін сезіледі

Чернобыль атом электр станциясы.
Чернобыль атом электр станциясы.

1986 жылы Чернобыль атом электр станциясында болған апаттан кейін пайда болған радиация деңгейі жоғары аймақтарда шамамен бір жарым миллион ресейлік тұрып жатыр. Олардың 200 мыңы ғана тұрақты қоныстанған. Апаттың 33 жылдығын атап өту шарасында ұлттық радиация-эпидемиологиялық регистр ғалымдары осындай дерек айтты.

Ғалымдардың айтуынша, ұлттық радиация-эпидемиологиялық регистрінде апат кезінде радиация әсеріне ұшыраған 700 мыңнан астам ресейлік тіркелген. Олардың 200 мыңы - Чернобыль апатының салдарын жоюға атсалысқан азаматтар. Ал 350 мың адам - станцияға жақын орналасқан Ресейдің Калуга, Орлов, Брянск және Тула облысының тұрғындары.

Жыл сайын медициналық тексеруден шамамен миллион адам өтеді, олардың төрттен бір бөлігі - балалар.

1986 жылы 26 сәуірге қараған түні Чернобыль атом электр станциясының төртінші энергетикалық блогында жарылыс болып, Еуропаның 200 мың шаршы шақырым жері радиоактивті заттармен ластанды. Бұл негізінен Украина, Беларусь және Ресей аумақтары. Мыңдаған адам зардап шекті. Айналаға жалпы қуаты шамамен 50 миллион кюриді құрайтын радиоактивті заттар тараған. Бұл ғалымдардың есептеуінше, Жапонияның Хиросима қаласына 500 рет тасталған атом бомбасының салдарына пара-пар. Мамандар Чернобыль апатын әлемдегі ең ірі апаттар қатарына жатқызады.

1986-1992 жылдар аралығында Қазақстаннан 35 мыңнан астам адам Чернобыль апат салдарын жоюға жіберілген.

Чернобыль АЭС-і апаты

1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясында болған жарылыстан кейін түсірілген алғашқы фотолардың бірі. Мұрағаттағы сурет.
1/23 1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясында болған жарылыстан кейін түсірілген алғашқы фотолардың бірі. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясында болған жарылыстан кейін түсірілген алғашқы фотолардың бірі. Мұрағаттағы сурет.
2/23 1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясында болған жарылыстан кейін түсірілген алғашқы фотолардың бірі. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чернобыльдағы апаттан соң оқиға болған жерге келген алғашқы құтқарушылардың бір тобы. Мұрағаттағы сурет.
3/23 Чернобыльдағы апаттан соң оқиға болған жерге келген алғашқы құтқарушылардың бір тобы. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Совет одағы коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (ортада) Чернобыль атом станциясында. 23 ақпан 1989 жыл. Мұрағаттағы сурет.
4/23 Совет одағы коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (ортада) Чернобыль атом станциясында. 23 ақпан 1989 жыл. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Жас баланың газтұтқысы мен аяқ киімі. Чернобыль атом электр станциясы маңындағы иен қалған Припят қаласы. 4 сәуір 2011 жыл.
5/23 Жас баланың газтұтқысы мен аяқ киімі. Чернобыль атом электр станциясы маңындағы иен қалған Припят қаласы. 4 сәуір 2011 жыл.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Апат аймағындағы ғимараттардың бірінде қалған кітаптар. Украина. Мұрағаттағы сурет.
6/23 Апат аймағындағы ғимараттардың бірінде қалған кітаптар. Украина. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чернобыль апатының салдарын жоюға Қазақстаннан қатысқандардың бірі Советқазы Қайсанов. Семей, 26 сәуір 2012 жыл.
7/23 Чернобыль апатының салдарын жоюға Қазақстаннан қатысқандардың бірі Советқазы Қайсанов. Семей, 26 сәуір 2012 жыл.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чернобыль апатының салдарын жоюға Қазақстаннан қатысқандардың бір тобы. Семей, 26 сәуір 2012 жыл.
8/23 Чернобыль апатының салдарын жоюға Қазақстаннан қатысқандардың бір тобы. Семей, 26 сәуір 2012 жыл.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чернобыльдің түбіндегі иен қалған Припят қалашығының саябағы, Украина. Сәуір, 2010 жыл.
9/23 Чернобыльдің түбіндегі иен қалған Припят қалашығының саябағы, Украина. Сәуір, 2010 жыл.
Түгел оқыңыз Қысқарту
27 жыл бұрынғы апат салдарынан иен қалған Припят қалашығының қазіргі көрінісі. Чернобыль аймағы, Украина. 23 сәуір 2013 жыл.
10/23 27 жыл бұрынғы апат салдарынан иен қалған Припят қалашығының қазіргі көрінісі. Чернобыль аймағы, Украина. 23 сәуір 2013 жыл.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
11/23 Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
12/23 Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Апаттан кейін иен қалған ғимарат ішінде совет кезіндегі коммунистік партия басшыларының портреттері жатыр. Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
13/23 Апаттан кейін иен қалған ғимарат ішінде совет кезіндегі коммунистік партия басшыларының портреттері жатыр. Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
14/23 Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Иен қалған Припять қалашығындағы үйдің қабырғасына салынған жылап тұрған жас баланы бейнелейтін граффити. Сырт жағында апат болған Чернобыль АЭС-нің №4 блогы көрініп тұр. 4 сәуір 2011 жыл. 4 сәуір 2011 жыл.
15/23 Иен қалған Припять қалашығындағы үйдің қабырғасына салынған жылап тұрған жас баланы бейнелейтін граффити. Сырт жағында апат болған Чернобыль АЭС-нің №4 блогы көрініп тұр. 4 сәуір 2011 жыл. 4 сәуір 2011 жыл.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
16/23 Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
17/23 Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
18/23 Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет.
Түгел оқыңыз Қысқарту
1986 жылы сәуірдің 26-ы күні апат шыққан Чернобыль АЭС-нің №4 блогы маңындағы қауіпті радиация барын ескертетін белгі. Украина, 23 сәуір 2013 жыл.
19/23 1986 жылы сәуірдің 26-ы күні апат шыққан Чернобыль АЭС-нің №4 блогы маңындағы қауіпті радиация барын ескертетін белгі. Украина, 23 сәуір 2013 жыл.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Балалар Чернобыль апаты құрбандарына арналған монументке гүл шоқтарын қойып жатыр. Киев, Украина. 26 сәуір 2012 жыл.
20/23 Балалар Чернобыль апаты құрбандарына арналған монументке гүл шоқтарын қойып жатыр. Киев, Украина. 26 сәуір 2012 жыл.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чернобыль АЭС-індегі апаттан Еуропаның оннан аса мемлекетінің 145 мың шаршы шақырым жері радиоактивті заттармен ластанып, миллиондаған халық зардап шекті. Суретте: Могилев аймағы, Беларусь. 24 сәуір 2013 жыл.
21/23 Чернобыль АЭС-індегі апаттан Еуропаның оннан аса мемлекетінің 145 мың шаршы шақырым жері радиоактивті заттармен ластанып, миллиондаған халық зардап шекті. Суретте: Могилев аймағы, Беларусь. 24 сәуір 2013 жыл.
Түгел оқыңыз Қысқарту
АЭС апатының салдарын жоюшыларға арналған ескерткіш. Чернобыль қаласы, Украина. 19 сәуір 2010 жыл.
22/23 АЭС апатының салдарын жоюшыларға арналған ескерткіш. Чернобыль қаласы, Украина. 19 сәуір 2010 жыл.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Дозиметр 1986 жылы сәуірдің 26-ы күні апат шыққан Чернобыль АЭС-нің №4 блогы маңындағы радиация мөлшерін көрсетіп тұр. Украина, 26 сәуір 2012 жыл.
23/23 Дозиметр 1986 жылы сәуірдің 26-ы күні апат шыққан Чернобыль АЭС-нің №4 блогы маңындағы радиация мөлшерін көрсетіп тұр. Украина, 26 сәуір 2012 жыл.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG