Accessibility links

Ядролық қарудың таралуымен күрескен АҚШ экс-сенаторы Лугар дүниеден өтті


Ричард Лугар сенатор кезінде.
Ричард Лугар сенатор кезінде.

22 сәуірде АҚШ-та Индиана штатының бұрынғы сенаторы, жаппай қырып-жою қаруының таралуымен күрескен Ричард Лугар 87 жасында дүниеден өтті.

Республикашыл Ричард Лугар штаты атынан 36 жыл - 1977-2013 жылдары сенатор болған. Ол сыртқы саясатта ықпалды мамандардың бірі еді.

1991 жылы Лугар демократ Сэмюэл Наннмен бірге АҚШ конгресіне Халықаралық қауіп тудыратын ядролық, химиялық және биологиялық қаруларды шектеу туралы заңнама ұсынған.

Нанн-Лугар бағдарламасы деген атпен танылған заң Совет одағына кірген елдерге өз жерлеріндегі ядролық қаруды жоюға септескен. 1991 жылдан бастап Ресей, Украина, Беларусь пен Қазақстанда осы бағдарлама асында 7600 ядролық оқтұмсық пен 2300 зымыран жойылып, ядролық қару сақтаулы тұрған 24 нысан жабылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG