Accessibility links

Интерпол серіктесі "Голос Дети" конкурсының нәтижесін тексереді


"Голос Дети" шоуының нәтижесі: Валерий Кузаков, Ержан Максим (ортада) мен Микелла Абрамова.
"Голос Дети" шоуының нәтижесі: Валерий Кузаков, Ержан Максим (ортада) мен Микелла Абрамова.

Ресейде өткен "Голос Дети" ән байқауының дауыс беру нәтижесін халықаралық Group-IB компаниясы тексереді. Бұл туралы 29 сәуірде конкурсты ұйымдастырған "Первый канал" арнасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Первый канал" сайтының хабарлауынша, Интерполдың серіктесі Group-IB компаниясы смс хабарламалар мен телефон қоңырауларын тексереді. Телеарна тексеріс қорытындысы онлайн жарияланатынын мәлімдеді.

26 сәуірде "Первый канал" арнасында "Голос Дети" шоуының финалында 10 жасар Микелла Абрамова (ресейлік әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы) 56,5 пайыз дауыспен жеңіске жеткен. Екінші орынды қазақстандық Ержан Максим алған.

Осыдан кейін ресейлік әншілер мен актерлер, желі қолданушылары конкурс нәтижесіне көңілдері толмай, дауыс беру нәтижесін қайта қарауды талап етіп жатыр. 27 сәуірде "Первый канал" телешоудың дауыс беру нәтижесі тексерілетінін хабарлады.

Youtube желісіндегі Микелла Абрамованың видеосына 45 мыңнан астам "дизлайк" басылған. 12 мыңнан астам комментарий жазылып, пікір иелерінің көбі дауыс беру нәтижесін қайта қарауды талап еткен. Желі қолданушылардың көбі жеңіске қазақстандық Ержан Максим лайық деген пікірлер жазып жатыр.

Халықаралық Group-IB компаниясы киберқылмыс пен кибершабуылдарды зерттеумен айналысады.

"Первый каналдағы" "Голос.Дети" шоуы - халықаралық The Voice Kids жобасының ресейлік нұсқасы. Қатысушыларды алдымен үш қазы іріктейді. Ал финалда жеңімпазды көрермендер дауыс беру арқылы таңдайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG