Accessibility links

Ақтөбе облысының әкімі жол сапасына жауапты шенеуніктерді жұмыстан босатты


Ақтөбе облысындағы жолдардың бірі. Көрнекі сурет.
Ақтөбе облысындағы жолдардың бірі. Көрнекі сурет.

6 мамырда Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин жиын өткізіп, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиевті, облыс әкімінің құрылыс саласына жетекшілік ететін орынбасары Серік Төленбергеновті және Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ыбрайым Көзбаевты жұмыстан босатты. Бұл туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі Оразалин шенеуніктерді жолды жөндеу, пайдалану жұмыстарын тиімді орындамаған, қаланы абаттандыру мәселесіне жеткілікті деңгейде мән бермеген деп айыптаған.

Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев бұл жиынға қатыспады.

Әкімдіктегі жиыннан соң "өз еркімен жұмыстан кеткен" Османғалиев "жол жөндеушілер жұмыс істемейді" деген пікірмен келіспейді. Оның айтуынша, облыс аумағында жол мәселесі аз емес.

- Ақтөбе-Ор бағытындағы жолдың 90 шақырымы былтыр жөнделді. Биыл тағы 45 шақырымы тапсырылады. Ақтөбе-Болгарка- Шұбарқұдық бағытына 145 шақырым жол салынды. Жұмыс істеліп жатыр. Бірақ жол құрылысы арзан шаруа емес, - дейді Аязбай Османғалиев Азаттыққа.

Османғалиевтің сөзінше, "жол жөндеу мәселесі қаржыға байланысты. Мәселен бетон жолдарға реконструкция жасау үшін әр шақырымына 1 миллион долларға дейін қаржы керек. Ал орташа жөндеу жасау үшін әр шақырымға 30 миллион теңге шығады".

Османғалиев былтыр облыс аумағында 400 шақырымнан астам жол салынғанын, оған 30 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалғанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG