Accessibility links

"Ливерпуль" "Барселонаны" жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты


"Ливерпуль" ойыншылары. Ливерпуль қаласы, 7 мамыр 2019 жыл.
"Ливерпуль" ойыншылары. Ливерпуль қаласы, 7 мамыр 2019 жыл.

Футболдан Англияның "Ливерпуль" командасы Чемпиондар лигасының финалына шықты. Бұл команда жартылай финалда испаниялық "Барселона" клубын жеңді.

1 мамырда Барселонада өткен бірінші матчта "Барселона" 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал 7 мамырда Ливерпульдегі ойында "Ливерпуль" 4:0 есебімен басым түсті. Қос матчтың қорытындысы бойынша англиялық команда 4:3 есебімен ұтып, финалға өтті.

"Ливерпуль" екінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасының финалына шықты. Былтыр бұл команда финалда испаниялық "Реалдан" жеңілген.

"Ливерпульдің" финалдағы қарсыласы 8 мамырда "Аякс" (Голландия) пен "Тоттенхэм" (Англия) арасындағы матчта анықталады. Ойын Амстердам қаласында өтеді. Алғашқы матч Лондонда болып, "Аякс" 1:0 есебімен басым түскен.

Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридте (Испания) өтеді.

Чемпиондар лигасы - UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) құрамына енетін елдер клубтары қатысатын ең ірі футбол жарыстарының бірі. Коммерциялық жарысқа UEFA ұйымына мүше елдердің чемпионатында жеңген және жүлде алған командалар қатысады.

Чемпиондар лигасы. Жартылай финала. Қарымта матч

"Ливерпуль" (Англия) – "Барселона" (Испания) – 4:0 (1:0)
Голдар: Ориги, 7 (1:0). Вайналдум, 54 (2:0). Вайналдум, 56 (3:0). Ориги, 79 (4:0).​
"Ливерпуль": Алиссон, Александр-Арнолд, Матип, ван Дейк, Робертсон (Вайналдум, 46), Фабинью, Хендерсон, Милнер, Шачири (Старридж, 90), Мане, Ориги (Гомес, 85).
"Барселона": тер Штеген, Сержи Роберто, Лангле, Пике, Жорди Альба, Видаль (Артур, 75), Бускетс, Ракитич (Ф.Малком, 80), Месси, Суарес, Коутинью (Семеду, 60).
7 мамыр. Ливерпуль. "Энфилд" стадионы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG