Accessibility links

БҰҰ: Сирияда бір аптада 150 мың адам бомбалау мен ұрыстан бас сауғалап, босып кетті


Джиср-аш Шугур қаласы, Идлиб провинциясы.
Джиср-аш Шугур қаласы, Идлиб провинциясы.

Сирияда қайта күшейген ұрыс пен бомбалаудан сақтану үшін бір апта ішінде елдің солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясынан 150 мыңнан аса адам басқа жаққа көшіп кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы хабарлады.

Сирия үкіметінің әскері бірер күн бұрын қарулы оппозициялық топтарға шабуыл жасай бастаған. Топтар шоғырланған аумақты, деректер бойынша, Башар Асад пен Ресей әскерінің ұшақтары бомбалап жатыр.

Құқық қорғаушылар ондаған адамның қаза тапқанын айтады. Асадтың қарулы қарсыластары да жауап ретінде үкімет қарамағындағы жерлерді атқылап жатыр.

Идлиб провинциясы – Евфраттың батысында тұрған, Асадтың қарамағына кірмеген соңғы ірі аумақ. Анклав Хайят Тахрир аш-Шам радикал исламшыл тобының бақылауында. Бұл топты Ресей террористік ұйым деп таныған. Былтыр күзде Түркия мен Ресей "Идлибте үш миллиондай бейбіт тұрғын болғандықтан Асад әскері провинцияға шабуылдамайды" деп келіскен. Бірақ Дамаск та, Мәскеу де "түптің түбінде бұл аумақ Сирия билігінің бақылауына өтуі тиіс" деп бірнеше мәрте мәлімдеме жасаған.

Франция президенті Эммануэль Макрон Идлибтегі ұрыстың күшейгеніне алаңдаушылық білдірген. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш тараптарды татуласуға шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG